Павлодарлық донор үш адамның өмірін құтқарды

  Бір донордың екі бүйрегі мен жүрегі үш пациентке салынды.

shutterstock.com

Алматы, NEGE. Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын үш пациентке ағза алмастыру операциялары жасалды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Мереке қарсаңында Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері санавиация бортымен Павлодар облысына барған.

Сол күні Астанада күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша анализ тапсыруға шақырылды.

Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша және комиссияның шешімімен 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.

"Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке бүйрек трансплантациясын сәтті жасады. Реципиент палатаға ауыстырылды, қазір оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Ана мен бала орталығында екінші пациент – баланың бүйрегі алмастырылды", - делінген хабарламада.

Ал үшінші пациентке Кардиохирургия орталығында донордың жүрегі салынды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған