Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты

20 наурызда Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты.

Алматы, NEGE. Өрт электрод өндіру цехының газ тазарту қондырғысынан шыққан. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, нәтижесінде жана бастаған.

"Өрт сөндіру тобы өртті сөндірді. Барлық қызметкер өрт шыққан жерден шұғыл түрде эвакуацияланды. Қауіпсіздік техникасы қызметі қызметкерлердің денсаулығын тексеру үшін дереу жедел жәрдем шақырды", - делінген кәсіпорынның Instagram-дағы ресми парақшасында.