Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері. 

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді