Павлодарда жылу құбыры жарылып, тұрғындар жылусыз қалды

Қаладағы Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, асфальт астынан су атқылай бастаған.

 

Алматы, NEGE. «Апат салдарын жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды», – деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, жылу бүгін сағат 17:00-ге дейін беріледі.