Павлодарда Усолка өзенінен жүзіп өтпек болған жас ұстаз батып кетті
Қайғылы жағдай 31 мамыр күні орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz .
Павлодар, NEGE. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлім етті.
- Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған, - деді Олег Трещев.
Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.
- Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді, - деді Олег Трещев.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.