Павлодарда тойда төбелес шығарғандар ұсталды

Олар полицейлерге қарсылық көрсетпеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 қазанда түнгі сағат 22:39-да кафенің бірінде төбелес шықты деген хабар келіп түсті.

– Шақырту бойынша автопатруль жіберілген болатын. Төбелес тойда таныстардың арасында шыққаны анықталды. Олар арыз жазудан бас тартты,– деді департаментте.

Тәртіп сақшылары төбелестің барлық қатысушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды