Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкер әйелді ұрды деген күдікке ілінді

Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкер әйелді соққыға жықты деген күдікке ілінген. Бұл туралы  Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. Аймақтық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың сөзінше, тексеріс бастауға бөлім тергеушісінен түскен арыз себеп болған.  

"Менің тапсырмаммен полиция департаменті қызметтік тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тексеріс барысында анықталады", - деді Скляр.

Өз арызында қызметкер бөлім бастығының орынбасарын қол көтерді деп айыптап, жазаға тартуды сұрапты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады