Павлодарда пәтерден басына оқ тиген адамның денесі табылды
Оқиға 14 қараша күні анықталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай туралы ақпарат Telegram желісіндегі @egovpress каналында жарияланды.
Жазбада Павлодар қаласында пәтерде басында оқ жарақаты бар 1999 жылы туған азаматтың денесі табылғаны жазылған.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ақпараттары жарияланбайды.