Павлодарда пәтерден әйел мен екі баласы өлі табылды

Ақсудағы үйлердің бірінен әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласының пышақталған мәйіті табылды. Оқиға орнына Павлодар облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығы шықты.

Алматы, NEGE. Аймақ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде сағат 11.40-та қаланың кезекші бөліміне пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың мәйіті анықталғаны туралы хабарлама түскен. Қазір криминалистер оқиға орнын тексеріп жатыр.

"Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, куәгерлерді анықтау үшін тұрғындардан көргенін сұрастырып жатыр", - деді аймақ департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты