Павлодарда өрт сөндіру көлігі мектеп автобусымен соқтығысты

Павлодарда өрт сөндіру көлігі мектеп автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Алматы, NEGE.     Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сай, бүгін сағат 14:15-те Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру көлігі «ПАЗ-32053-70» мектеп автобусымен соқтығысқан. Автобус инерциямен тұрақта тұрған «Volkswagen « жеңіл автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 6 бала медициналық көмекке жүгінді.

«Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция хабарламасында.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шақырту туралы хабар сағат 14:19-да түсті. Екі жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Зардап шеккен барлық бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады