Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр

6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Сотта Нұрлан Мәсімовтың, Дамир Сиразидимов пен Евгений Евковичтің ісі қаралды.

Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке мемлекеттік сатып алулар кезінде патронаттық қызмет көрсету және еншілес компаниялармен келісімшарт жасау кезінде 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және артиллерия сатып алуға арналған 420 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Еске салсақ, өткен жылдың 22 сәуірінде оған іздеу жарияланған болатын.13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.