Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай айтыс өтеді

Павлодарда Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай айтыс ұйымдастырылады, деп хабарлады @Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Павлодар облыстық филиалының мәлімдеуінше, жыр бәйгесіне жас ақындар қатысады.

"Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған  "Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат" атты ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына 12 жас ақын қатысады", – делінген филиал хабарламасында. 

9 қыркүйек күні өтетін жыр додасына Бексұлтан Қайдар, Гүлшекер Батай, Оразбек Саяхат, Нұрқанат Қайрат, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Нұрбек Бәкір,  Қайролла Хафиз,  Қазбек Ибархим, Алпысбай Хонж, Нұрсұлтан Рымбай және Мизан Жұмалі қатысады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?