Павлодарда мектеп карантинге жабылды

Коронавирус инфекциясы бастауыш сыныпта оқитын үш оқушыдан және бір мұғалімнен анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Осыған орай санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Әзірге нәтижесі шыққан жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген. Осы уақыт аралығында жеті бала мен бір мұғалімнің ауруға шалдыққаны белгілі болды. 

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды