Павлодарда мас тұрғын мектепті жарамын деп қорқытқан

Павлодарда мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан 44 жастағы ер адам ұсталды.

Алматы, NEGE. «Павлодар қаласының полициясына ер адамның «№17 мектепті жарып жібергісі келетіні» туралы хабар түсті. Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеріс жүргізді. 19:58-де тексеріс аяқтал ды , мектептен қауіпті жарылғыш заттар анықталмады. Тиісті шаралар орындалып, 1977 жылғы ер адам қамауға алынды. Ер адам мас болған», - деп мәлім етті полициядан. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөліг і «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.