27 декабря 2022 г. 13:50

Павлодарда мас ер адам полиция бекетінің есігін сындырып кірген (видео)

Фото:

25 желтоқсан сағат 21.30-да Павлодар полициясына ер адам Қамзин көшесіндегі полиция бекетінің есігін сындырды деген хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. Полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстады. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол орташа дәрежедегі мас күйінде болды. Анықталғандай, азамат кіреберіс есіктің әйнегін теуіп сындырып, ішке кірген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Павлодар тұрғыны ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Есікті құқық бұзушының ата-анасы жөндеп, қалпына келтірді.

Аталған құқық бұзушылық жасалған кезде кезекші ауысым Донецкая көшесіндегі отбасылық-тұрмыстық сипаттағы шақыруға барғанына байланысты модульдік бекет жабық болды.

Тегтер: