Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар қаласында «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. «Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті