Павлодарда көше атаулары өзгерді

Павлодар қаласында бірнеше көше атаулары өзгеретін болды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Максим Споткай хабарлады.

Алматы. NEGE. «Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары, құтты болсын! Қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде облыстың бас қаласында бірқатар көшелердің атаулары өзгертілмек. Маркс, Короленко, Крупская, Киров, Чкалов және тағы басқа кеңес-коммунистік тұлғалармен мәңгі қоштастық. Тариxи әділдік! Өмірдің қызығы – олардың орнына совет империя қырған Ұлттық руxани және саяси көсемдер келіп тұр. Әлиxан, Ермаxан, Мәшһүр, Жүсіпбек ағаларымыздың аруақтары риза болсын! Желтоқсанның аты да, өзі де ерекше», – деп, жұртшылықтан сүйінші сұрады.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды