6 сентября 2023 г. 10:39
Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу келе жатқан жасөспірімді соққыға жықты
Павлодарда жасөспірім үстіне су шашқан көлік жүргізушісіне айтқан ескертуі үшін соққыға жығылды.
Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 қыркүйекте сағат 18:30-да колледж студенті Катаев көшесі бойымен жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан кәмелетке толмаған жігітке белгісіз көлік өтіп бара жатып, су шашып жіберген. Жасөспірім жүргізушіге дөрекі түрде ескерту жасаған. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыларымен бірге салоннан шығып, қысқа жанжалдан кейін жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан.
17 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
Көліктің жүргізушісі 27 жастағы павлодарлық болып шықты.
Аталған факт бойынша ҚК 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.