Павлодарда екі күннен бері қоқыс төгетін орын жанып жатыр

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  "Эко әлем-ПВ" ЖШС қалалық қоқыс үйіндісінің аумағында шамамен 1,5 га алаңда қоқыс жанып жатыр. 

- Өрт 12 мамырда сағат 06:33-те сөндірілді, бірақ әлі толық жойылмады, - деді  департаментте.

Жанып жатқан қоқысты "Эко әлем-ПВ" ЖШС-нің 20-дан астам қызметкері және 20 техникасы сөндіруде.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық полигондағы төтенше жағдай туралы хабарлама 11 мамырда сағат 17:06-да түскен.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады