Павлодарда бизнесмендерге қазақша сабақ берілді

«Инвесторлар үйінде» мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды

Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының облыстық филиалы арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ержан Советұлы бизнесмендерге тіл туралы заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіріп өтті. Оған қоса, басқарма өкілі жақында «Инвесторлар үйінде» «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе кәсіпкерлерге арналған тілдік фронт-офис ашылатынын айтты.

Оқытуды «Ана тілі» орталығының басшысы Шолпан Кинжикова жүргізді. Ол әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы аудиторияға қазақ тілінің негізгі емле-ережелерін жеңіл түрде жеткізуге тырысты. 

Мысалы, тәжірибелі лингвист ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі ұқсастықтар арқылы қазақ тіліндегі кейбір әріптердің дыбысталуын, екпін қою және басқа да ережелерді көрсетті.

– Біздің мақсатымыз – тілді үйрету, – дейді Шолпан Кинжикова. – Өмірге қажетті деңгейдегі тілді жеңіл әрі түсінікті формада жеткізуге тырысамыз. Қазақ тілін үйрену қиын деген бос сөз – мотивация болса болды.

Қазақша тегін курстарға жазыламын деушілер 61-84-88 телефонына хабарласуларына болады.      

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ