Павлодарда балаларға арналған шағын футболдан тегін секция ашылды

Бұқар жырау көшесі, 351 мекенжайындағы шағын футбол алаңында спорттық тапсырыстың жаңа мемлекеттік бағдарламасы бойынша әрекет ететін "Айбын" балалар футбол клубының алғашқы жаттығуы өтті. Бағдарлама балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларындағы сабақтармен барынша қамтуға арналған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматы, NEGE.  Басқаша айтқанда, ата-аналар баласын шағын футбол секциясына жаза алады, ал шығындарды жергілікті билік өз мойнына алады.

"Айбын" балалар футбол клубының жетекшісі Қайролла Нұрымның айтуынша, қала шағын футболмен айналысу үшін екі алаң ұсынды. Жалданған жаттықтырушы-оқытушылар 6-9 және 10-14 жас аралығындағы балалардың екі тобын құрады. 

– Жазда жаттығулар Бұқар жырау, 351 және 288 мекенжайлары бойынша шағын алаңдарда өтеді, – дейді Қайролла Нұрым. – Шағын футболдан басқа волейбол және үлкен футбол секцияларын ашу жоспарлануда.

Кеңес алуға немесе жазылуға ниет білдірушілер WhatsApp 8-771-173-39-63 немесе @ aibyn_football_pavlodar Instagram арқылы хабарласа алады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, енді кішкентай павлодарлықтар ақылы үйірмелерге тегін бара алады. Бұл жоба бойынша балалар үшін барлығы 58 бағыт қолжетімді болады.

Жоба толығымен artsport.edu.kz порталында цифрлық форматта іске асырылады. Барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін кәсіпкер тіркеледі де, өтінім береді. Мақұлдағаннан кейін ата-аналар порталда тіркеліп, өтініш береді. Шығармашылық үйірмелерге қатысу үшін ваучер алғаннан кейін балалар онда тегін оқи бастайды, ал кәсіпкер оқу ақысын мемлекеттен алады.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды