Павлодарда Porsche Panamera тізгіндеген шетелдік 500 мың теңге айыппұл арқалаған

Павлодар облыстық полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп рейд жүргізген кезде Porsche Panamera 4 көлігі назарға іліккен.

porsche.com

Астана, NEGE. Полицейлердің мәлімдеуінше, элиталық спорткардың тізгінінде көрші елдің азаматы отырған.

«Тексеру барысында жүргізуші нағыз "рекордшы" екені анықталды: небәрі бірнеше күн ішінде ол шамамен 500 мың теңгеге жуық айыппұл жинап үлгерген. Негізінен, ол жылдамдық режимін өрескел бұзған», – делінген хабарламада.

Айыппұлдарды уақытында төлемегендіктен, оның көлігі бірден арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізуші Porsche көлігін мемлекет алдындағы қарызын толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады.