Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғалімнің алқымынан алған

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектептегі мерекелік шара кезінде сынып жетекшісіне қол жұмсады.

istockphoto.com

Алматы, NEGE. Оқиға 16 қазанда күзгі бал өтіп жатқан №11 мектепте болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, мұғалім оқушыға ескерту жасаған, содан кейін жасөспірім оның мойнына жармасып, жұрттың көзінше біраз уақыт ұстап тұрған.

Жас мұғалім оқиғадан кейін бірден полицияға арыз жазған.

Павлодар облыстық полиция департаменті оқушының заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

«Оқиға бойынша полицейлер тексеру жүргізді. Заңды өкілі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа қарауға жіберілді», - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар тоғызыншы сынып оқушысының тәртібін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды