Павлодарда әйел адам оқушы қызды соққыға жыққан

11 шілде күні Павлодар қаласының орталығында күндізгі уақытта әйел адам 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ОйКуәгерлердің айтуынша, ол жасөспірімнің артынан келіп, шашынан тартып құлатып, дене жарақатын салған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, шабуылға ұшыраған қыз бала 7 жасынан бері ем қабылдап жүрген. Дегенмен:

  • Үздік оқушы
  • Қоғаммен жақсы араласатын
  • Даулы жағдайлардан аулақ жүретін жасөспірім.

Оқиғаға қатысты Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмаған қызға дене жарақатын салды деген күдікке ілінген әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды», – деді Сауле Шакенова.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?