Павлодарда әскери қызметшіні бопсалап, ақша алып келгендер ұсталды

Ұсталғандар бұрын «қылмыстық ықпал ету ұйымында» болып, бірқатар қылмыс жасады деп күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.

– Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын «қылмыстық ықпал ету ұйымында» болып, бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың өзге қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді