7 октября 2022 г. 15:30
Павлодар тұрғыны әріптестерінің телефоны арқылы несие рәсімдеген
Ақсу қаласының екі тұрғыны алаяқтық әрекеттің құрбаны болды. Олар ешқандай несие алмаса да, банктің қарыздарын қайтаруды талап етуде, деп жазды
Polisia.kz
Алматы, NEGE. Тексеру барысында полицейлер жәбірленушілердің әріптесі қоңырау шалу үшін телефон сұрап, оларға сол арқылы несие рәсімдегенін анықтады.
Мұнда біріншісі – 2,7 миллион теңге көлеміндегі тауарлық несие, екіншісі – 1,1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай несие болған. Банк несиені мақұлдағаннан кейін ол қаражатты өз шотына аударған.
24 жастағы жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.