Павлодар тұрғыны 16-қабаттан секіріп кетті

Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы үйдің балконынан секіріп, қаза тапты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылындағы 52-үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Ол 16-қабатта орналасқан тұрғындардың ортақ балконынан секіріп, өз-өзіне қол салған.

«Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Ер адамның тұлғасы анықталуда», - делінген хабарламада.