31 августа 2023 г. 11:16

Павлодар облысының тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіленді

Фото:

Полицейлер “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Тереңкөл ауданындағы ауыл тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Тереңкөл ауданының полицейлері бекітілген әкімшілік учаскелер бойынша, оның ішінде Ертіс өзенінің жайылмасында, аңшылық алқаптарының аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Елді мекендерде аулалық аралаулар жүргізілді. 28 тамыз күні осындай іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер ішкі істер органдарында тіркелмеген қарудың екі бірлігін тапты.

Аудан ауылдарының тұрғындарынан бір тегіс ұңғылы қару мен газды қару тәркіледі. Осы факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

– Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қапкенов.

Тегтер: