Павлодар облысындағы ауыл мұз айдынына айналды

Желтоқсанда жауған жаңбыр Павлодар облысындағы Шарбақты ауылын жаппай мұз айдынына айналдырды.

Алматы, NEGE. Жергілікті тұрғындар Instagram әлеуметтік желісінде жазба қалдырған. Ауылдың орталық көшелерінің бірінде жас жігіттер коньки теуіп жүр. 

Ауыл тұрғындары көшелердің мүздан тазартылмағанын айтып, құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымдануда.

"Ауладан шығуға қорқамыз, көмір, отын салынған көліктер үйлерге бара алмайды", - деп шағымданады ауыл тұрғындары.