Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты

2020 жылғы 29 тамызда сағат 11.20-да полицияға осы жол-көлік оқиғасы туралы полицияға хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE.  Оқиға орнына келген Баянауыл ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, “Қалқаман – Баянауыл – Үміткер” автожолының 91 шақырымында, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, “ВАЗ 21713” автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Баянауыл тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ 21703” автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты (“ВАЗ 21713” автокөлігінің жүргізушісі және үш жолаушысы, “ВАЗ 21703” автокөлігінің бір жолаушысы), тағы екі адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді