Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК - нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.