Павлодар облысында масаны улау жұмысы басталды
Павлодар облысында бүгін таңертең масаны ұшақпен улау жұмыстары басталды. Ол үшін екі АН-2 ұшағы пайдаланылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Алматы, NEGE. Мамандардың мәлімдеуінше, бір ұшаққа 1200 литр ерітінді сияды. Бір гектарға 10 литр ерітінді жұмсалады. 45-50 минут ішінде 120 гектарға дейінгі аумақ өңделеді. Жоспар бойынша бір күн ішінде 5 мың гектарға дейінгі алқап өңделмек. - Жалпы өңдеу аумағы жеті мың гектарды құрайды, - дейді «Euro ЭкоПром» ЖШС директоры Бауыржан Жанақов.
– Оған барлық жағалаудағы аудандар мен Павлодар маңындағы ауылдар кіреді. Бұл алаңға үш күн бойы дезинсекция жүргізу жоспарланған. Ұшу техникасының ізімен қансорғыштармен күреске ранцтық бүріккіштері бар жұмысшылар шығады. Дернәсілдерді сапалы жою үшін, қолжетімділігі қиын жерлер қолмен өңделеді. Бұл – ұшақтар өте алмайтын бұталар мен ағаштардың өсінділері. Мамандардың айтуынша, таңертең желдің лебі бәсең. Сол себепті дезинсекцияға таңғы төрттен бастап дайындалады.
– Биылғы жылы «Бактицидті» суспензия түрінде емес, ұнтақ түрінде сатып алдық, - дейді Бауыржан Жанақов. – Оны өңдеу алдында өндіруші зауыттың нұсқауымен және ғылыми кеңестің басшылығымен препаратты өзіміз ерітеміз. Өзіміз еріткен препаратты қолдану дезинсекцияның тиімділігін арттырады деп ойлаймын. Оған қоса ұшақтардан басқа дезинсекцияға баржалар қосылады. Судағы қорғаныс тосқауылын төрт кемеде қамтамасыз ететін болады. Осы жылы мердігер компания мен биологтар аймақта масалар мен мүк популяциясын 80 пайызға азайтуды жоспарлауда. Естеріңізге сала кетейік, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Euro ЭкоПром» ЖШС-мен дернәсілдермен күрес жөнінде шарт жасасқан болатын.