Павлодар облысында мал ұрлайтын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Екібастұзда мал ұрлайтын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Оның құрамында барымташылар, мал сатушылар, мал дәрігерлері және қажетті құжат жинаумен айналысатындар бар.

Алматы, NEGE. «Павлодар облысының аумағында құрамына 10 адам кірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Топ мүшелерінің өз рөлдері болған: өз барымташылары, сатушылары, қажетті құжаттарды жинаумен айналысатындар, сондай-ақ мал дәрігерлер болған. Қылмыстық топ мал ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

«Күдіктілер Екібастұз қаласында ұрлық үстінде ұсталды. «ВАЗ 21099» автокөлігін тексеру кезінде бір сиыр еті, металл электрондық таразы тәркіленді, ал «Audi» көлігінен ветеринарлық анықтама табылды», - деді полиция департаментінен.

«Қаскүнем мынадай схемамен жұмыс істеген: аптасына бір рет демалысқа қарай Екібастұздағы ірі шаруа қожалығынан 2 бас ірі қара мал ұрлап, демалыс күндері қала базарларында және үйінде сойып сатып отырған. Күдіктілер бұған дейін ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері бар. Сондықтан, қала тұрғындары одан күдіктенбеген», - деді Нұрлан Мәсімов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды