8 сентября 2022 г. 8:55

Павлодар облысында дала өртеніп жатыр

Фото:

Павлодар облысындағы өрт туралы ақпарат шұғыл байланыс желісіне 7 қыркүйек келіп түскен. Әлеуметтік желіде дала өртінің видеосы тарады.

Алматы, NEGE. 2022 жылы 7 қыркүйекте сағат 14:15-те "102" шұғыл байланыс желісіне Сәтбаев ауылдық округінде, Шоқтау учаскесінде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртсөндірушілермен бірге ауылдың ерікті жасағы өртті сөндіруге көмектескен.

 Қазіргі уақытта үш жақтағы өрт ошағында қызыл жалын тараған аумақтың көлемі 35-37 гектарды құрайды. Жалпылай алғандағы ауданы - 110 гектар. 
Өртті сөндіруге бірнеше қызмет қызметкерлері мен еріктілер де қатысып жатыр.

Тегтер: