Павлодар облысында алты мектеп оқу жылына дайын емес

Павлодар облысында 6 мектеп қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын емес.

Алматы, NEGE. Мердігерлер «Заманауи мектеп» жобасы аясында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгірмеген. Сондықтан оқушыларды өзге білім орындарына бөлу туралы шешім қабылданды.  Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептер қатарында Қабанбай батыр атындағы мамандандырылған әскери мектеп-интернаты бар.

Сонымен қатар дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен Ақсу қаласының екі мектебі бар. Облыс орталығындағы №1 және №7 жалпы орта білім беру мектептері де оқушыларды қабылдауға дайын емес. Пандемия кесірінен бір жыл бойы үй жағдайында оқыған балалар енді өз мектебіне бара алмайтын болды. 

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы: "Уақытылы аяқталмады деген сөз жоқ. Уақытымен графикке сәйкес жүргізілір жатыр. Тағы да қайталап айтамын. Бұл өте күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл шынтуайтына келген кезде мектепті қайта салумен бірдей. Ол жердегі бөлінген қаражат сомасы да, қарастырылған жөндеу жұмыстарының түрлері де сондай. Сондықтан да ол жерде ата-анамен біз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл әрі кетсе бір-екі айдың көлемінде бүкіл жөндеу жұмыстары аяқталады. Кейбіреулер осы сентябрьдің ішінде жұмыстарды аяқтайды. Сондықтан балаларды кіргізетін боламыз", – деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді