Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
Жүк Новосібірден Бішкекке Қазақстан шекарасы арқылы транзитпен жөнелтілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда сағат 12.06-да Успен ауданының Успен ауылының маңында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
- Павлодар – Успен – РФ республикалық маңызы бар автожолда ашық аумақта 2004 жылы шығарылған Krone ZZF18 маркалы көліктің 20 шаршы метр алаңда тіркемесі жанған. Тіркемеде шамамен 10 тонна пластик ыдыстарда өсімдік майы тиелген, - деді департаментте.
Сондай-ақ, екі бөлек ошақта құрғақ шөп өртенді: біріншісінде - 500 шаршы метр, екіншісінде - 4 га.
Өрттің шығуы себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Тілсіз жау сағат 14.40-та толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.