Павлодар облысы: Полиция департаментінің басшысы қызметтен босатылды
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін Жасқайрат Қайыров атқаруда.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол өзі қызметтен босату жөнінде рапорт берген», - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы ІІД бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарып отыр.