Павлодар: Модульдік госпиталь пайдалануға берілді

Павлодарда модульдік жұқпалы аурулар госпиталі пайдалануға берілді. Медициналық мекеменің ашылуына облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты.

Алматы, NEGE. Ауданы 6800 шаршы метрді құрайтын госпиталь 200 төсек-орынға есептелген және 20 орындық реанимация бөлімшесінен, шағын операциялық бөлмеден, ПТР-талдаулар жүргізуге арналған зертханадан, экспресс-зертханадан, компьютерлік томография, рентгенография, УДЗ, электрокардиография және бронхоскопия кабинеттерінен тұрады. Стационардың модульдік блоктарында жеке санитарлық тораптары бар палаталар орналасқан.

«Бұл өте қажет заманауи инфекциялық аурухана қысқа мерзімде салынды. Ол сапалы медициналық көмек көрсету үшін жаңа жабдықтармен, оның ішінде компьютерлік томографпен, цифрлық рентген-аппаратпен, барлық палаталарға орталықтандырылған оттегі жеткізу жүйесімен және өкпені жасанды желдететін 24 аппаратпен жабдықталған», - деді Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың директоры Арман Мұсабеков.

Жаңа аурухананың қызметкерлер құрамы – толық. Мұнда жататын науқастар саны 100 пайыз болған жағдайда 88 тәжірибелі дәрігер мен 240-қа жуық орта және кіші буын қызметкерлері жұмыс істейді. Өңір басшысы білікті маман болмаса, тіпті ең заманауи жабдықтардың да тиісті нәтиже бермейтінін еске салып, пандемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Денсаулыққа қатысты кез келген жағдайға әрқашан жоғары жауапкершілікпен қарауымыз керек. Құрылған инфрақұрылым қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Әрине, шамадан тыс жүктеме болмағанын, госпиталь мүмкіндігінше аз жұмыс істегенін қалаймын. Мен тәулік бойы бірнеше ауысымда жұмыс істеген құрылысшыларға алғыс айтамын. Денсаулық пен сәттілік тілеймін, өздеріңізге, облыс тұрғындарына қамқор болыңыздар», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған