Павлодар қаласын түтін басты

Якутиядағы орман өртінің салдарынан Павлодар қаласы мен облыстың бірнеше ауданын түтін басты, деп хабарлайды Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Ресей Федерациясында Якутия аумағында 2 аптадан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта тілсіз жау 1,5 млн гектар жерді шарпып үлгерді. Өрт салдарынан облыстың бірнеше ауданын, оның ішінде Павлодар қаласын да бар түтін басты. Дегенмен алаңдауға себеп жоқ және экологияның нашарлауына да салдарын тигізбейді. Жуырда түтін басылады», - деп хабарлайды ТЖД.

Қазір оқып жатыр

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?