Павлодар әкімдігіндегі басшы ақша жеп қойған

Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы, NEGE. Антикор баспасөз қызметінің хабаллауына қарағанда, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 2,6 миллион теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша облыс әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған