Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Ферроқорытпа зауытында темір ұсатушы металл ұсақтау кезінде қаза болған.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

«2026 жылғы 20 сәуірде күні Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болды. Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты. "Қазхром" ТҰК" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді», – делінген хабарламада.

Кәсіпорындағы жағдай мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?