Павлодар облысында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған

Павлодар облысында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған адамдарға қатысты тергеу жүріп жатыр.

видеодан кадр

Астана, NEGE. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, зейнетақы төлеу орталығының басшысы электрондық цифрлық қолтаңбалары бар кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бухгалтер туысын тартқан.

Бухгалтер аталған ЭЦҚ-ларды иелерінің рұқсатынсыз пайдаланып, жұмысқа жалған қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары туралы құжаттарды дайындаған.

Сонымен қатар, бірнеше таныс адамына жүкті әйелдерді табу және ұсынған қызметінің заңды екеніне сендіру міндеті жүктелген.

Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдарда жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген, - деп хабарлады ҚМА.

Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы