Павлодар облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Қайғылы оқиға бүгін, 19 маусымда Аққулы ауданы аумағындағы «Омбы – Майқапшағай» автожолында болған.

instagram.com/dp_pavlodar

Астана, NEGE. Облыстық полиция қызметінің мәліметінше, Changan CS75 және Skoda Rapid автокөліктері бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан Skoda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралдарының соқтығысуы орын алғаны анықталды. Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықтауға бағытталған тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.