Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, 4 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.