Павлодар облысында «Газель» жаяу жүргіншіні қағып кетті
Өңірлік полиция департаменті жаяу жүргіншінің қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Астана, NEGE. Қайғылы жағдай 26 қаңтарда болған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 26 қаңтарда «Омбы – Майқапшағай» автожолында, Шарбақты ауылының маңында «Газель» маркалы автокөліктің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», – делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде мұқият болуға, көлік құралының техникалық жағдайын бақылауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.