Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Жантүршігерлік жол апаты Ақсу өңіріндегі Ақжол ауылының маңында болған.

instagram.com/dp_pavlodar

Астана, NEGE. Облыстық полиция қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан жолаушылардың бірі қаза тапқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «Камаз» автокөлігімен соқтығысқан.

Бұл жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.