Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққан

Павлодарда аудан әкімінің ұлы 7 сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

әлеуемттік желіден

Алматы, NEGE. Ол прокуратура мен облыс әкімінен бұл іске араласып, кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанға осы жағдайға қатысты сауал қойылды. Ақпаратты Білім вице-министрі Еділ Оспан растады.

«Иә, шынымен де мұндай жағдай болған. Менің білуімше, ол баланың әкіммен отбасылық байланысы расталды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина қақтығыс осы жылдың қаңтарында болғанын айтты. Іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта қаралып жатыр.

"Шынымен де, бұл жағдай қаңтар айында тіркелген. Бізге белгілі болғандай, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жиналыс өтіп үлгерді", – деді Овечкина.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды