Павел Дуровтың Көлсай көлінде шомылуына жол берген жауапты қызметкерлер жазаланады

Кеше қазақстандықтар Павел Дуровтың Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасын қызу талқылады. Ол Алматы облысындағы Көлсай көліне суға түскен.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жарияланымнан кейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ресми мәлімдеме жасады. Онда бұл көлдерде шомылуға қатаң тыйым салынғаны еске салынды.

«Парк басшылығы қызметтік тергеу бастады. Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынған. Осы жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеру жұмыстарын бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады», – деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды