Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашатынын мәлімдеді

Павел Дуров Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашатынын мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. «Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық офисімізді аштық және оның нәтижелеріне өте разымыз.

Үлкен қанағатпен айта кеткім келеді: бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллектке арналған мамандандырылған зертхана ашып отырмыз. Ең алдымен біз Telegram және Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтан астам адамға ЖИ функцияларын құпия, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желіге есептеу қуатын ұсынатын алғашқы ірі платформа болады деп үміттенеміз», – деді Дуров.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген