Патшайым Елизаветаны жерлейтін күн белгілі болды

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаны жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйек күні Вестминстерде өтеді. Бұл туралы Twitter арқылы Букингем сарайының өкілдері  хабарлады.

Алматы, NEGE. Монархты жерлеу рәсімі жергілікті уақытпен  таңертеңгі сағат 11-де өтуі тиіс. Патшайым Виндзор қамалында әкесі Король VI Георгтің шіркеуінің жанында жерленеді. Табыт қазір Балморал сарайынан Эдинбургке жөнелтілді. Жолға шамамен 6 сағат кетеді. Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қыркүйектің 8-і күні қайтыс болды. Биыл оның таққа отырғанына 70 жыл толған еді. Бұл тарихтағы британдық монархтардың ең ұзақ басқаруы болып есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті